![Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 541-ге жетті](/media/2020/06/22/2020_05_30_moskva.png)
"Қазіргі таңда Қазақстанда 27 541 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 9 809 симптомсыз, 17732 симптомды жағдай. 21 маусымның өзінде елімізде 1 471 ауру тіркелді. Қайтыс болғандары – 120 науқас. Бір тәуліктің ішінде 2 адам көз жұмды. Бір тәуліктің ішінде 226 адам емделіп шықты, барлығы 10897 адам індеттен айықты", - деді Жұмабек Бекенов.
Оның айтуынша, елімізде барлығы стационарлық карантинде – 168 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр. КВИ-мен ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8052. КВИ жұқтырып, амбулаторлық бақылауда тұрған 8472 адам бар.